Таразда студенттермен өрт қауіпсіздігі бойынша кездесу

Таразда студенттермен өрт қауіпсіздігі бойынша кездесу

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі ережелері мен алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәсілдері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты — өрттің алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын үйрету болып табылады. Мұндай профилактикалық кездесулер жастардың қауіпсіздік саласындағы жауапкершілігін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

Жамбыл облысы ТЖД