Жамбыл облысының ардагерлеріне құрмет пен алғыс

Жамбыл облысының ардагерлеріне құрмет пен алғыс

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысының құтқарушылары азаматтық қорғау органдарының ардагерлеріне шынайы құрмет пен ризашылықтарын білдірді. Іс-шара барысында Жамбыл облысы ТЖД Ардагерлер кеңесі, басшылық және қызметкерлер ардагерлерді мерекемен құттықтап, оларға «Төтенше жағдайлар органдарының ардагерлер ұйымына 20 жыл» атты мерейтойлық медальдарын табыстады. Кездесу кезінде ардагерлерге олардың көпжылдық еңбегі мен адалдығы үшін алғыс айтылды. Сондай-ақ ардагерлер жас құтқарушыларға өз тәжірибелерімен бөлісіп, азаматтық қорғау жүйесінің қалыптасу кезеңдері туралы естеліктерімен бөлісті. Мұндай кездесулер ардагерлер мен қазіргі буын арасындағы байланысты нығайтып, ерлік пен адам өмірін қорғауға деген адалдықты дәріптейді.

Жамбыл облысы ТЖД