Өртті талдау жұмыстары жүргізілді

Өртті талдау жұмыстары жүргізілді

Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жқмыстарын ұйымдастыру басқармасының Өрт сөндіру кезекшілік қызметінің жедел кезекшісі, азаматтық қорғау подполковнигі Еркін Архабаев пен жедел кезекшінің көмекшісі, азаматтық қорғау майоры Талғат Тоқтанбек 2025 жылы 16 қазанда 04 сағат 50 минутта Байзақ ауданы, Ақшолақ ауылы маңындағы республикалық маңызы бар Батыс Еуропа - Батыс Қытай автожолының бойында орналасқан «Дастархан» дәмханасында орын алған өрт оқиғасына талдау жүргізді. Шараға Байзақ ауданы №8 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы мен аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері қатысты. Талдау барысында өрт сөндіру жұмыстарына тікелей қатысқан қызметкерлер өрттің басталған уақытынан бастап, қандай тиісті шаралар жүргізілгендігін толық деңгейде баяндады. Айта кеткен жөн, 250 шаршы метрді құраған дәмханадағы өрт оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Байзақ ауданы №8 өрт сөндіру бөлімі және Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушыларымен өрт 06 сағат 16 минутта минутта жойылды. Шара соңында жеке құрамға еңбек қауіпсіздігін сақтау ережелері ескертіліп, талдау қорытындыланды.

Жамбыл облысы ТЖД