«Баласагұн» концерт залында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Жамбыл облысы ТЖД қызметкерлері мен ардагерлеріне қызметке адалдығы мен кәсібилігі үшін марапаттар, ал қызмет бабында қаза тапқан құтқарушылардың отбасыларына ақшалай сертификаттар табысталды. Басшылық пен қонақтар құтқарушыларға батылдығы мен жанқиярлығы үшін алғыс білдірді. Іс-шара концертпен аяқталып, азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға өмірін арнаған жандарға деген құрметтің символына айналды.
Жамбыл облысы ТЖД