Таразда Президент марапаттаған жамбылдық құтқарушыны салтанатты түрде қарсы алды

Таразда Президент марапаттаған жамбылдық құтқарушыны салтанатты түрде қарсы алды

Тараз теміржол вокзалында Жамбыл облысының құтқарушылары өз әріптесін — Сагадат Нұрмағамбетов атындағы «Айбын» І дәрежелі орденімен марапатталған Шынболат Әзімбаевты салтанатты түрде қарсы алды. Батыр құтқарушыны әріптестері мемлекеттік тумен, гүл шоқтарымен және қызыл кілеммен қарсы алды. Еске сала кетсек, Қазақстан Республикасының Президенті қызметтік борышын атқару барысында көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін құтқарушыларды мемлекеттік наградалармен марапаттады. Солардың қатарында – Жамбыл облысы ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының жедел кезекшісі, 2007 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет етіп келе жатқан Шынболат Әзімбаев бар. Шынболат Әзімбаевтың ерлігі мен кәсіби шеберлігі – Отанға адал қызмет етудің және өңірдің мақтанышының жарқын үлгісі болды.

Жамбыл облысы ТЖД