Мерейтой аясындағы спорттық кездесу

Мерейтой аясындағы спорттық кездесу

Қордай ауданында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай мекемеаралық кіші футболдан турнир өтті. Шараны Төтенше жағдайлар бөлімі ұйымдастырды. Жарысқа аудан әкімдігі, ТЖ бөлімі, ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің Қордай аудандық басқармасы, шекара қызметі, ұстаздар мен дін қызметкерлері қатысты. Достық пен бірлікті нығайтуға бағытталған турнир тартысты өтті. Нәтижесінде І орынды – ҰҚК Қордай ауданы бойынша шекара басқармасы, ІІ орынды – ұстаздар командасы, ІІІ орынды – аудандық ТЖ бөлімі, ал IV орынды – ҰҚК Қордай аудандық басқармасы иеленді. Жеңімпаздар кубоктармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Жамбыл облысы ТЖД