Таразда «Құтқарушылар аялдамасы» ашылды

Таразда «Құтқарушылар аялдамасы» ашылды

Тараз қаласында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай жаңа тақырыптық нысан – «Құтқарушылар аялдамасы» ашылды.  Жоба Тараз қаласы ТЖ басқармасымен мен қала әкімдігінің қолдауымен жүзеге асты. Аялдамада LED-экран орнатылып, онда ТЖМ профилактикалық бейнероликтері мен әлеуметтік хабарламалар көрсетіледі.  Бұл аялдама қала инфрақұрылымын толықтырып, құтқарушылар еңбегіне деген құрметтің символына айналды.

Жамбыл облысы ТЖД