Өнеркәсіптік қауіпсіздік – өңірдің тұрақты дамуының басым бағыты

Өнеркәсіптік қауіпсіздік – өңірдің тұрақты дамуының басым бағыты

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Өнеркәсіптік қауіпсіздіктің деңгейі өңір экономикасының тұрақтылығына, өндірістік нысандардың сақталуына және ең бастысы – адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді. Қазіргі өндірістерде күрделі технологиялар мен қауіпті заттарды пайдалану техникалық талаптарды қатаң сақтауды және заманауи бақылау жүйелерін енгізуді қажет етеді. ТЖД қызметкерлері өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын үнемі бақылап, жоспарлы және жоспардан тыс тексерістер, сараптамалар жүргізеді, апаттар мен жазатайым оқиғалардың себептерін анықтайды. Жұмыста тәуекелге бағытталған тәсілдер кеңінен қолданылады, бұл ықтимал қауіпті жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ цифрландыруға ерекше назар аударылып, қашықтан бақылау мен деректерді талдау жүйелері енгізілуде. Маңызды міндеттердің бірі – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Әрбір қызметкер өз қауіпсіздігі үшін жеке жауапкершілігін сезінуі қажет. Жамбыл облысы ТЖД бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастырып, өңірдің тұрақты және қауіпсіз дамуына негіз болатын өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін нығайтуда.

Жамбыл облысы ТЖД