Қазақстанда 2014 жылдан бастап қыркүйектің әр соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Бұл өзінің адал еңбегімен егемен еліміздің экономикасының негізін қалаған, сондай-ақ «Жалпыға ортақ еңбек қоғамын» дамытуға үлес қосқан еңбекқор жандарға алғыс білдіруге арналған мереке. Еңбек күні әлемнің 100-ден астам елінде атап өтіледі, ал кейбір елдерде ол мемлекеттік мереке мәртебесіне ие. Қазақстанда биыл мереке 28 қыркүйекке сәйкес келеді. Мереке қарсаңында, 2025 жылғы 25 қыркүйекте Департаменттің мәжіліс залында жеке құрамға «Адал азамат – Адал еңбек» және «Көпұлтты Қазақстанда қауіпсіздік пен бейбітшілікті қорғауда 30 жыл» тақырыптарында семинар өтті. Іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті Әлеуметтік жұмыс басқармасының бас маманы Бахтияр Алпысбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы«Қоғамдық келісім» КММ бөлім меңгерушілері Жазира Шілдебаева және Валентина Досыбиева қатысты. Әлеуметтік жұмыс басқармасының бас маманы Бахтияр Алпысбаев «Адал азамат – Адал еңбек» тақырыбында баяндама жасады, ал «Қоғамдық келісім» өкілдері Жазира Шілдебаева мен Валентина Досыбиева «Көпұлтты Қазақстанда қауіпсіздік пен бейбітшілікті қорғауда 30 жыл» тақырыбында өз пікірлерін білдірді. Сондай-ақ, семинар барысында «Қоғамдық келісім» өкілдері Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен достық туралы өз ойларымен бөлісіп, құтқарушыларды келе жатқан Еңбек күнімен құттықтады. Еңбек күнін мерекелеу-бұл қайта жанданған тағы бір жақсы дәстүр.
Жамбыл облысы ТЖД