Тараз қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы күштер министрлігі «Тараз қаласы әскери госпиталі» аумағында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық жаттығу ұйымдастырылып өткізілді. Шара әскери госпитальдің әкімшілік ғимаратының 4-ші қабатындағы мәжіліс залында өтті. Жаттығуға Тараз қаласының өрт сөндіру бөлімшелерінен 9 бірлік өрт сөндіру техникасы мен 48 қызметкер, Апаттар медицинасы орталығынан 1 бірлік техника мен 3 адам, Жедел құтқару жасағынан 1 бірлік техника мен 5 құтқарушы жұмылдырылды. Сонымен қатар, «Тараз қаласы әскери госпиталь» РММ-нен жалпы саны 60 адам қатысты. Оқу-жатығу барысында 4 газ-түтіннен қорғау буыны құрылып, құтқарушылар шартты өрт аумағынан 5 адамды құтқарып, 45 адамды қауіпсіз орынға көшірді. Өрт-тактикалық жаттығудың мақсаты – жеке құрамның төтенше жағдайдағы іс-қимылын жетілдіру, өрт сөндіру және адамдарды құтқару кезінде өзара әрекеттесу деңгейін арттыру. Жаттығу барысында шартты өртті сөндіру, адамдарды қауіпсіз жерге көшіру, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету және өрттің таралуына жол бермеу бойынша кешенді шаралар іске асырылды. Мұндай оқу-жаттығулар жеке құрамның кәсіби шеберлігін шыңдауға, төтенше жағдайларға әрдайым дайын болуын қамтамасыз етуге бағытталған
Жамбыл облысы ТЖД