Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Шомылу маусымының аяқталуы туралы ТЖ жою басқармасының бастығы Арман Смайлов баяндады. Ол жаз мезгілінде құтқарушылар өңірдегі су айдындарында профилактикалық іс-шаралар жүргізіп, кезекшіліктер ұйымдастырғанын, сондай-ақ халық арасында қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын күшейткенін атап өтті. Өрт қауіпті кезені және жылыту маусымына дайындық жайында Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Дархан Қалдырбек сөз сөйледі. Ол тұрғындарға тұрмыста өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салып, қыс алдында пештерді, мұржаларды және электр жабдықтарын тексерудің маңыздылығын жеткізді. Спикерлердің айтуынша, профилактика және азаматтардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігі төтенше жағдайлардың санын азайтудың негізгі факторы болып табылады.
Жамбыл облысы ТЖД