Таразда өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру акциясы өтті

Таразда өрт қауіпсіздігі қағидаларын түсіндіру акциясы өтті

Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қаладағы ең ірі сауда орталықтарының бірі – «Grand Bazar» аумағында профилактикалық іс-шара өткізді. Акция барысында сауда орталығының келушілері мен қызметкерлеріне өрттің алдын алу шаралары, эвакуациялау ережелері және алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану тәртібі түсіндірілді. Құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін сақтау – әр адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың кепілі екенін еске салды.

Жамбыл облысы ТЖД