Қауіпсіз терезе — қауіпсіз балалық шақ

Қауіпсіз терезе — қауіпсіз балалық шақ

Балалардың биіктіктен құлап кетуіне байланысты жазатайым оқиғалар көбіне кішкентайлар ересектердің қарауынсыз қалған кезде орын алады. Мектеп оқушыларына қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығын еске салу мақсатында Жамбыл облысы ТЖ департаментінің мамандары қала мектептерінде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды. Оқушылар үшін қызықты форматта викториналар, ойындар және сұхбаттар өткізілді. Балаларға мультфильм кейіпкері Лабубу көмекке келді. Онымен бірге мектеп оқушылары сұрақтарға жауап беріп, өлеңдер оқып қана қоймай, ашық терезелер мен балкондар жанында қалай дұрыс әрекет ету керектігін де үйренді. Осындай акциялар тұрақты түрде өткізіліп тұрмақ: алдағы уақытта оларды облыстың барлық мектептерінде балалардың сүйікті кейіпкерлерінің қатысуымен ұйымдастыру жоспарланған. Мұндай формат маңызды тақырыпты балаларға жақын әрі түсінікті етіп жеткізуге мүмкіндік береді, демек — олардың қауіпсіздік деңгейін арттырады.

Жамбыл облысы ТЖД