«Ата заңым-айбыным» дөңгелек үстелі өтті

«Ата заңым-айбыным» дөңгелек үстелі өтті

Жамбыл облысы ТЖД мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заңым-айбыным» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Бекзат Бакжанов ашып, еліміздің басты құжатының негізгі аспектілері туралы айтып, барлық қатысушыларды ҚР Конституциясы күнімен құттықтады. Отырысқа Жамбыл облысы әкімдігінің Ақпаратжәне қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ бөлімінің басшысы Әлихан Нарегеев, ТЖД аппаратының қызметкерлері, Тараз қаласы ТЖБ, Өрт сөндіру бөлімдері мен Жедел-құтқару жасағының жеке құрамы қатысты. Іс-шараға қатысушылар еліміздің Конституциясының тарихы және оның қазіргі қазақстандық қоғам өміріндегі, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі, демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудағы көп қырлы рөлі мен маңыздылығы туралы айтты. Дөңгелек үстел тақырыбы бойынша жарыссөздер белсенді өтті. Іс-шара соңында осы тақырыпқа арналған ролик көрсетілді.

 

Жамбыл облысы ТЖД