Жамбыл облысында Байзақ ауданындағы жарылыстан қаза тапқан ерлердің рухына тағзым етті

Жамбыл облысында Байзақ ауданындағы жарылыстан қаза тапқан ерлердің рухына тағзым етті

Бүгін №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аумағында 2021 жылдың 26 тамызында Байзақ ауданындағы әскери бөлімде орын алған жарылыс салдарынан қаза тапқан қызметкерлерді еске алу шарасы өтті. Арада төрт жыл өтсе де, құтқарушылар мен әскери қызметшілердің өмірін қиған қайғылы оқиға елдің есінен кетпек емес. Олар соңына дейін қызметтік борышын орындап, өзгенің өмірін құтқару жолында жанын пида етті. Батырлардың ерлігі облыс қана емес, ел тарихында мәңгілік сақталады. Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұжымы, қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындары ерлікпен қаза тапқан 10 қаһарманды бір минут үнсіздікпен еске алды. Бөлім аумағында гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан қызметкерлердің рухына тағзым — олардың ерлік істері, антқа адалдығы мен Отанға беріктігінің мәңгілік символына айналды.

 

Жамбыл облысы ТЖД