Жуалы ауданында ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығы аясында бірқатар іс-шаралар өтті

Жуалы ауданында ҚР ТЖМ-нің 30 жылдығы аясында бірқатар іс-шаралар өтті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Жуалы ауданының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері үшін бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Қатысушылар аңызға айналған батыр Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерліктерімен танысу мақсатында мұражайға барды. Сондай-ақ командалық рухты және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған спорттық-ойын сайыстары өткізілді. Бұдан бөлек, №7 өрт сөндіру бөлімінде Ашық есік күні өтті. Отбасы мүшелеріне өрт сөндіру-құтқару техникасы мен жабдықтары көрсетіліп, бөлімнің жұмысы мен қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірілді.

 

Жамбыл облысы ТЖД