Талас ауданында кешенді оқу-жаттығулар аяқталды

Талас ауданында кешенді оқу-жаттығулар аяқталды

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары бекіткен оқу- жаттығулар мен жаттығулар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 20-22 тамыз аралығында Талас ауданында азаматтық қорғаудың, мемлекеттік жүйесінің басқару органдарының қатысуымен кешенді оқу-жаттығулар өткізілді. Оқу-жаттығулардың бірінші күнінде негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар өткізілді: төтенше жардайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия отырысы өтті, жедел ден қою жасағының, дайындығы мен жарақтандырылуы тексерілді, сондай- ақ жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Практикалық бөлім аясында үш күн ішінде шартты төтенше жадайлар жағдайында барлық қызметтердің өзара іс-қимылын жетілдіруге бағытталған алты тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар мен азаматтық қорғау қызметтеріне әдістемелік ұсынымдар беріліп, төтенше жардайларға әрекет ету, жоспарлау жене дайындықты арттыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек керсетілді.

 

Жамбыл облысы ТЖД