Жамбыл облысы ТЖ Департаментінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Сенбілік барысында бекітілген аумақтар тазартылып, шөптер орылып, қоқыстар жиналып, құрғап қалған ағаштар алынып, белгілі учаскелер тиісті тәртіпке келтірілді. Көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалыққа бағытталған экологиялық айлықтар ТЖД қызметкерлері үшін игі дәстүрге айналған.
Жамбыл облысы ТЖД