Жамбыл облысында қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқандарды еске алуға арналған волейболдан турнир өтті

Жамбыл облысында қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқандарды еске алуға арналған волейболдан турнир өтті

Бүгін Тараз қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері мен азаматтық қорғау органдары ардагерлерінің командасы арасында волейбол турнирі өтті. Іс-шара екі маңызды күнге орайластырылды – 2021 жылы 26 тамызда қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерді еске алу күніне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 30 жыл толуына. Ойындар достық және ұйымшылдық рухында өтті. Командалар өздерінің шеберлігі мен командалық рухын ғана емес, сондай-ақ өзгелерді құтқару жолында өмірін қиған әріптестеріне деген құрметін де көрсетті. Департамент бастығы өз сөзінде қаза тапқан қызметкерлердің ерлігінің маңызын атап өтіп, олардың есімі әріптестерінің және болашақ құтқарушылардың жүрегінде мәңгі сақталатынын жеткізді. Мұндай іс-шаралар ұжымлық рухты нығайтып қана қоймай, салауатты өмір салтын дамытуға ықпал етеді және әрбір құтқарушыда зор жауапкершілік, адалдық пен кез келген сәтте көмекке келуге дайындық бар екенін еске салады.

 

Жамбыл облысы ТЖД