Талас ауданында кешенді оқу-жаттығу басталды

Талас ауданында кешенді оқу-жаттығу басталды

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары бекіткен оқу-жаттығулар мен тренингтер жоспарына сәйкес, Талас ауданында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі басқару органдарының қатысуымен кешенді оқу-жаттығудың бірінші кезеңі басталды. Алғашқы күн аясында негізгі ұйымдастырушылық іс-шаралар өткізілді: төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті, жедел ден қою жасағының дайындығы мен жабдықталуы тексерілді, сондай-ақ жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар, тәжірибелік бөлімінде шартты төтенше жағдайлар кезінде барлық қызметтердің іс-қимылдарының үйлесімділігін арттыруға бағытталған екі тактикалық-арнайы жаттығу өткізілді.

 

Жамбыл облысы ТЖД