Таразда балалардың терезеден құлап кетуін болдырмау үшін терезелерге блокираторлар орнатылды

Таразда балалардың терезеден құлап кетуін болдырмау үшін терезелерге блокираторлар орнатылды

Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері кішкентай балалары бар отбасылар тұратын көпқабатты тұрғын үйлерде профилактикалық іс-шара өткізді. Акция аясында мамандар терезелерге толық ашылуына кедергі келтіретін және балалардың құлап кету қаупін азайтатын арнайы блокираторлар орнатты. Мұндай шара республика бойынша балалардың терезеден құлап кету жағдайларының жиілеп кетуіне байланысты қолға алынды. Техникалық шаралармен қатар, құтқарушылар ата-аналармен түсіндіру әңгімелерін жүргізіп, балаларды үнемі қадағалап отырудың және тұрмыста қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды. Құтқарушылардың айтуынша, баланың қауіпсіздігі ең алдымен ересектердің жауапкершілігінде, ал блокираторларды орнату — бүлдіршіндердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға көмектесетін қосымша шара болып табылады.

 

Жамбыл облысы ТЖД