ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы ТЖД бөлімшелерінде «Гүлденген гарнизон» байқауы өтуде. Байқаудың мақсаты – аумақты көгалдандыру, ұжымдық рухты нығайту және қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру. Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері бұл бастаманы белсенді қолдап, гүл егіп, аумақты көркейту жұмыстарын жүргізді. Бірлескен еңбек аумақтың келбетін өзгертіп қана қоймай, ұжымды да бір мақсатқа жұмылдырды. Байқау жалғасуда, ал жаңарған гарнизондар қызмет орнын қадірлеудің жарқын үлгісіне айналуда.
Жамбыл облысы ТЖД