Жамбыл облысында тәжірибелік сабақ өтті

Жамбыл облысында тәжірибелік сабақ өтті

Бүгін Тараз қаласындағы бос ғимарат аумағында газ-түтіннен қорғау қызметінің автокөлігін пайдалану арқылы практикалық сабақ өткізілді. Іс-шараға қалалық өрт сөндіру бөлімдерінің бастықтары, олардың орынбасарлары, қарауыл бастықтары мен бөлімше командирлері қатысты. Сабақтың мақсаты — қою түтіндеу жағдайында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша практикалық дағдыларды жетілдіру, газтүтіннен қорғау қызметі буындарының өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтау, сондай-ақ жеке құрамның түрлі жағдайларда әрекет етуге дайындығын арттыру, жоғарыда аталған техниканы сынақтан өткізу болды. Сабақ барысында қатысушылар түтінденген аймаққа буындарды енгізу, шектеулі кеңістікте бағдарлау, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимыл бойынша әрекеттерді пысықтап, шара неғұрлым шынайы оқиғаға негізделді.

 

Жамбыл облысы ТЖД