«Гүлденген гарнизон» байқауы Таразда қарқынды жүруде

«Гүлденген гарнизон» байқауы Таразда қарқынды жүруде

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерінде «Гүлденген гарнизон» байқауы жалғасуда. Бұл бастама қызметтік аумақтарды көркейтіп қана қоймай, ұжымның бірлігін нығайтуды да мақсат етеді. Байқаудың негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында айналадағы ортаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру, ұжымдық рухты дамыту және көріктендіру мәдениетін дәріптеу. Қатысушылар тек жасыл желек отырғызумен шектелмей, аумақты ерекше тәсілдермен безендіріп, гүлзарлар жасап, өсімдіктерді күтіп-баптауда. Бұл бастамадан Тараз қаласындағы №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері де тыс қалмады. Олар байқауға белсенді түрде қатысып, аумақты тазалап, гүлдер отырғызып, сәндік бұрыштар ұйымдастырды.

 

Жамбыл облысы ТЖД