Жамбыл облысының Мерке ауданында аудан әкімінің аппараты мен азаматтық қорғау қызметтерінің азаматтық қорғаныс саласындағы жағдайына жоспарлы тексеру жүргізілді. Іс-шара төтенше жағдайлар туындаған кезде басқару органдарының, күштер мен құралдардың дайындығын бағалауға бағытталды. Тексеру барысында азаматтық қорғанысқа қатысты құжаттар мұқият зерделенді. Практикалық бөлімге ерекше назар аударылды: жедел ден қою жасағы сапқа тұрғызылып, оның жасақталуы, жабдықталуы және әрекет етуге дайындығы бағаланды. Сондай-ақ, халықты қабылдап, орналастыру іс-қимылдары пысықталған эвакуациялық жинақтау пункті өрістелді. Тексеру нәтижесі бойынша анықталған кемшіліктерді жою туралы нұсқама беріліп, оң тұстар атап өтілді және одан әрі жетілдіру бағыттары айқындалды.
Жамбыл облысы ТЖД