Қызметтердің үйлесімді әрекеті Жамбыл облысындағы трансшекаралық өртті тоқтатты

Қызметтердің үйлесімді әрекеті Жамбыл облысындағы трансшекаралық өртті тоқтатты

Қырғыз Республикасының аумағында құраған шөптің жануы орын алып, желдің салдарынан өрт Жамбыл облысы Жамбыл ауданының аумағына таралды. Өрт КММ «Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесінің» жерлерін шарпыды.
Оқиға туралы хабар түскен сәттен бастап Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері дереу оқиға орнына жіберілді. Өртті сөндіруге ТЖД, Орман шаруашылығы және Қырғыз Республикасының құтқару қызметтерінен барлығы 140 адам мен 18 техника бірлігі жұмылдырылды.
Өртті сөндіру кезінде екі елдің қызметтері, соның ішінде шекара ведомстволары арасындағы үйлесімді әрекет ерекше маңызды болды – бұл өрт сөндіруге қатысушылардың мемлекеттік шекарадан кедергісіз өтуін қамтамасыз етті.​
Жедел ақпарат алмасу мен жағдайды нақты бақылау үшін заманауи мониторинг және үйлестіру құралдары қолданылды: ТЖ Департаментінің екі пилотсыз ұшу аппараты, Казавиаорманқорғау тікұшағы, командалық-штабтық көлік және үш Iridium спутниктік терминалы пайдаланылды.
Сөндірудің тиімді тактикасы мен күштердің бірлескен жұмысының арқасында Қазақстан аумағындағы өрт шамамен 300 гектар аумақта жойылды.
Қазіргі уақытта өрт шыққан жер қарауылдыланып, бақылауға алынған.
Қызметтердің кәсіби шеберлігі мен жедел әрекетінің арқасында өрт елді мекендер мен орман алқаптарына таралмай, жедел тоқтатылды. Бұл жағдай табиғи қауіптерге қарсы күресте ведомствоаралық және мемлекетаралық өзара іс-қимылдың тиімді үлгісіне айналып, төтенше жағдайлар кезінде күштердің дайын екенін тағы көрсетті.

Жамбыл облысы ТЖД