Кәсіпорын өкілдерімен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселелері бойынша жиналыс өтті

Кәсіпорын өкілдерімен өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуы мәселелері бойынша жиналыс өтті

Бүгін Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының базасында мұнай өнімдерінің айналымымен айналысатын нысандардың, соның ішінде автожанармай құю станцияларының иелерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Кездесудің басты мақсаты – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы талаптар мен Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына енгізілген өзгерістерді түсіндіру болды. Іс-шара барысында қауіпті өндірістік объектілерде заңнама талаптарының сақталуы, өндірістік бақылауды күшейту, жобалық құжаттаманың болуы және объектілерді міндетті түрде есепке қою мәселелері қарастырылды. Жиналыс ашық диалог форматында өтті: қатысушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, пікір алмасты және ведомстволық нысандарда өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға қатысты ұсыныстарын білдірді. Кездесу қорытындысы бойынша кәсіпорындарға нақты ұсынымдар мен алдағы жұмыс бағыттары берілді. Қолданыстағы нормативтік талаптарды сақтаудың маңыздылығы және мемлекеттік органдардың бизнесті қауіпсіздік мәселелері бойынша қолдауға дайын екендігі атап өтілді.

 

Жамбыл облысы ТЖД