Жуалы ауданы аумағындағы Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, аудандық ТЖ бөлімі мен Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Судағы қауіпсіздік» атты профилактикалық іс-шара өткізді. Акцияның мақсаты – су айдындарында орын алуы мүмкін қайғылы оқиғалардың алдын алу және халықтың суда өзін-өзі ұстау ережелері бойынша хабардарлығын арттыру. Демалушылармен профилактикалық әңгімелер жүргізіліп, құтқарушылар төтенше жағдай туындаған кездегі іс-әрекеттер алгоритмін түсіндіріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар, нақты уақыт режимінде жағдайды бақылау үшін дрон арқылы әуеден патрульдеу жүргізілді. Іс-шара барысында балалар қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Құтқарушылар қайғылы жағдайлардың негізгі себебі – ересектер тарапынан бақылаудың болмауы және немқұрайдылық екенін атап өтті. Іс-шараға облыстық «77TV» телеарнасының түсірілім тобы да қатысып, акцияның негізгі мақсатын кең аудиторияға жеткізуге мүмкіндік берді. Құтқарушылар ескертеді: қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау – өмірді сақтап қалуы мүмкін! Демалыс қауіпсіз болуы тиіс.
Жамбыл облысы ТЖД