Шу ауданының төтенше жағдайлар гарнизонында азаматтық қорғау саласында көп жыл еңбек еткен Тимур Кариевті зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шара барысында әріптестері Тимур Болатұлының еңбектегі жетістіктерін атап өтіп, төтенше жағдайлар саласының дамуына қосқан үлесі мен қызметіне деген адалдығы үшін алғыс білдірді. Өзінің мол тәжірибесімен, кәсіби шеберлігімен және жоғары жауапкершілігімен Тимур Кариев жас мамандарға әрдайым үлгі бола білді. Салтанатты жиын соңында әріптестері Тимур Болатұлына ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық және отбасына амандық тілеп, естелік сыйлықтарын табыс етті.
Жамбыл облысы ТЖД