Тараз қаласындағы «Бек» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Тараз қаласындағы «Бек» базарында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері қаладағы ірі сауда нысандарының бірі – «Бек» базары аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізді. Іс-шараның басты мақсаты – адамдар көп шоғырланатын нысандарда шартты өртті сөндіру кезіндегі жеке құрамның іс-әрекетін жетілдіру, өмірді қамтамасыз ету қызметтерімен өзара іс-қимылды пысықтау және төтенше жағдай туындаған кезде күш пен құралдардың дайындық деңгейін тексеру болды. Тактикалық жоспар бойынша өрт сауда бутиктерінің бірінде орын алды. Шартты төтенше жағдай орнына дереу жеткен өрт сөндіру бөлімшелері барлау жұмыстарын жүргізіп, ошақты сөндіру мен зардап шеккендерді шартты құтқару шараларын ұйымдастырды. Жаттығу соңында қатысушылардың әрекеттері талданып, дабыл беру, эвакуациялау және алғашқы өрт сөндіру шараларын жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді.

 

Жамбыл облысы ТЖД