Жамбыл облысында өрт-құтқару спортынан ерлер арасында өтетін XXXI жазғы және әйелдер арасындағы XI жазғы Қазақстан Республикасы чемпионатына дайындық қарқынды жүргізілуде. Бүгінде өңірде толыққанды жаттығу процесіне барлық қажетті жағдайлар жасалған. Құрама бекітілген бағдарлама бойынша жаттығып, физикалық төзімділікті, жылдамдықты, ептілікті және үйлесімді әрекет етуді арттыруға бағытталған дайындық жұмыстарын жалғастыруда. Өрт-құтқару спортын дамыту – кәсіби кадрларды даярлау және азаматтық қорғау қызметінің имиджін арттыру жүйесіндегі маңызды бағыттардың бірі. Бұл бағыттағы жұмыстар Жамбыл облысында жүйелі түрде жүргізіліп келеді және алдағы уақытта да жастар арасында спортты насихаттау, тәртіпті нығайту және жеке құрамның жауынгерлік дайындық деңгейін көтеру мақсатында жалғасын табатын болады.
Жамбыл облысы ТЖД