Мәжіліс депутаты Жамбыл облысы ТЖД бөлімшесіне жұмыс сапарымен келді

Мәжіліс депутаты Жамбыл облысы ТЖД бөлімшесіне жұмыс сапарымен келді

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Олжас Куспековтың жұмыс сапары өтті. Сапар аясында депутат Тараз қаласындағы «Халық қаһарманы» М.Айманов атындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметімен танысты. Сапар барысында бөлімшенің саптық алаңында арнайы техника мен жабдықтар көрсетілді. ТЖ департаментінің басшылығы бөлімшенің техникалық мүмкіндіктері мен жеке құрамның төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге дайындығы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, депутат өрт сөндіру және арнайы техникалар сақталатын гараж бен қызметтік бөлмелерді аралап, қызметкерлердің еңбек жағдайымен танысты.

 

Жамбыл облысы ТЖД