Жамбыл облысы Жамбыл ауданына қарасты Өрнек ауылында жергілікті өрт сөндіру бекетінің жаңарту жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыстар «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Жаңартылған бекетті тапсыру шарасына Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен Жамбыл ауданы әкімдігінің өкілдері қатысты. Ерікті өрт сөндірушілерге арнайы киім мен қажетті құрал-жабдықтар табысталды, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы көрсетілді. Материалдық-техникалық базаны нығайту бағытында атқарылған жұмыстардың нәтижелері таныстырылды. Шара барысында ауыл тұрғындарына «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының мақсат-міндеттері түсіндірілді
Жамбыл облысы ТЖД