Жамбыл облысында құтқарушылардың қызмет ету жағдайы жақсаруда

Жамбыл облысында құтқарушылардың қызмет ету жағдайы жақсаруда

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерін жаңғырту және жеке құрамға арналған қызмет ету жағдайларын жақсарту жұмыстары жүйелі әрі кезең-кезеңімен жалғасуда. Қордай ауданының өрт сөндіру бөлімінде газ-түтіннен қорғау қызметіне арналған заманауи толтыру станциясы іске қосылды. Енді газтүтін қорғаушылардың баллондары тікелей бөлімшенің базасында толтырылады. Бұл уақыт пен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бөлімге тұрмыстық техника, соның ішінде, жазда салқын, қыста жылы температураны қамтамасыз ететін жаңа кондиционерлер сатып алынды. Аталған шаралар — әрдайым дайындықта болуды талап ететін мамандық иелеріне қолайлы, заманауи және қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған кешенді жұмыстың бір бөлігі.

 

Жамбыл облысы ТЖД