Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің гарнизонында өз ісінің нағыз кәсіби мамандары қызмет атқарады. Солардың бірі – Тараз қаласы Халық қаһарманы М. Айманов атындағы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі – Мақсат Байкубек. Ол – жауапкершілікке, ерлікке және адалдыққа негізделген жолды таңдаған жан. Ол Отан алдындағы әскери борышын 2013 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде өтеуден бастады. Әскер қатарынан кейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2017 жылы заң факультетін сәтті тәмамдады. Білім ала жүріп, 2015 жылы азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын бастады. Жоғары тәртіптілігі, жауапкершілігі мен кәсіби өсуге деген ұмтылысының арқасында 2025 жылы бөлімше командирі лауазымына тағайындалды. Әріптестері оны адалдығы, көшбасшылық қабілеті және күрделі жағдайларда шешім қабылдай білуімен жоғары бағалайды. Ол — өз мамандығына шын берілген жас құтқарушылардың жарқын үлгісі. Максат бос уақытын спортқа және кәсіби дамуға арнайтының айтып кеткеніміз жөн.
Жамбыл облысы ТЖД