Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәжіліс залында Ольга Куприянова, Онила Бисенбаева және Сәуле Мұнатаева сынды құрметті әріптестерді зейнеткерлікке салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті.
Олардың әрқайсысының артында – ондаған жылдық адал еңбек, мінсіз қызмет және өз ісіне деген шынайы сүйіспеншілік бар. Кәсіби қызмет жолында олар жоғары жауапкершілік, төзімділік, еңбекқорлық және халыққа деген қамқорлықтарын көрсете білді.
Салтанатты шара барысында ТЖД басшылығы мен әріптестері жылы лебіздерін білдіріп, азаматтық қорғаныс жүйесінің дамуына және жас мамандарды тәрбиелеуге қосқан қомақты үлестері үшін алғыстарын жеткізді.
Іс-шара кезінде құрмет иелеріне алғыс хаттар, гүл шоқтары және естелік сыйлықтар табысталды. Шара барысында жылы жүздесулер мен қошеметке толы атмосфера орнап, денсаулық, отбасылық амандық және ұзақ ғұмырлы болулары үшін ақ тілектер айтылды.
Зейнеткерлікке шығу – қоштасу емес, еңбектің еленуі мен құрмет белгісі. Сәуле Мұнатаева, Ольга Куприянова және Онила Бисенбаева Жамбыл облысы ТЖ департаментінің тарихында өз іздерін қалдырды, олардың есімдері әріптестер мен алғыс білдірген азаматтардың жадында мәңгі сақталады.
Жамбыл облысы ТЖД