2025 жылғы 12 маусымындағы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі аппараттық кеңесінің № 4 хаттамасына сәйкес, 2025 жылдың 25 маусымында Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы мен ірі кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен «Ірі өнеркәсіптік объектілерінде орын алған авариялар, қызметкерлердің қаза болуы және жарақаттану тәуекелдерін азайту» тақырыбында «ZOOM» платформасы арқылы семинар-жиналыс өткізілді.
Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының Салааралық бақылау және қадағалау бөлімі басшысы А.Алекешова