Тараз қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметтік техникасы сап түзеп, тексерістен өтті.
Іс-шараға Департамент аппаратының, Тараз қаласы ТЖ басқармасының және Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері қатысты. Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының мамандары автокөліктің техникалық жай-күйін, арнайы жабдықтар мен байланыс құралдарының болуын тексерді.
Жалпы, іс-шара барысында қызметтік автокөлікті ұқыпты пайдалану, пайдалану және техникалық қызмет көрсету ережелерін қатаң сақтау, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігіне баса назар аударылды.
Мұндай тексерулер техниканың жоғары дайындық деңгейін және қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.
Жамбыл облысы ТЖД