Байзақ ауданында астық жинау кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді

Байзақ ауданында астық жинау кезінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді

Байзақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, астық жинау науқаны кезінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді.

Ауыл шаруашылығы техникасының дайындығы, өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіргіш және басқа да құралдар) болуы тексерілді. Егін алқабында еңбек ететін шаруалармен өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары өткізілді.

Құтқарушылар өрттің алғашқы белгілері байқалған жағдайда 112 нөміріне шұғыл хабар беру қажеттігін еске салды.

 

Жамбыл облысы ТЖД