Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Азат Абдразақов барлық қатысушыларды басшылық атынан Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтап, бұл мереке мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметшілердің ел өмірінде қаншалықты маңызды рөл атқаратынын айғақтайтынын атап өтті.
Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 18 маусымдағы № 357 ж/қ бұйрығымен Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы Нұрлан Алтынбектің ата-аналары Алғыс хатпен марапатталды. Жамбыл облысы ТЖД бастығының Грамоталарымен және Алғыс хаттарымен 7 қызметкер марапатталды.
ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы азаматтық қорғау полковнигі Азат Абдразақов өз сөзінде мемлекеттік қызметшілер халықтың олардан кәсіпқойлық, адалдық, заңдылықтың сөзсіз сақталуын күтетінін ұмытпауы тиіс екенін атап өтті.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ