
Алекешева Айсана Маратқызы – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жоғары кәсіби деңгейге, жауапкершілікке және үнемі жетілуге ұмтылатын жаңа буын мемлекеттік қызметшілерінің өкілі.
2015 жылы Айсана Маратқызы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетін «Стандартизация, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша бітірді. Сол жылы мемлекеттік қызметші антын қабылдап, Жамбыл облысы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінде еңбек жолын бастады. Бүгінгі таңда бұл мекеме Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы болып қайта құрылды.
Қазіргі уақытта Айсана Алекешева аталған басқарманың Саларалық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы қызметін атқарады. Оның лауазымдық міндеттеріне өңірдегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау, салалар арасындағы өзара іс-қимылды үйлестіру және өндірістегі апаттар мен төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру жатады.
Жоғары кәсіби дайындығы, талдау қабілеті және ұйымдастырушылық шеберлігі арқасында Айсана Маратқызы әріптестері мен басшылықтың зор сеніміне ие болды. Қызметтегі жетістіктері үшін ҚР Инвестициялар және даму министрінің және Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.
Мемлекеттік қызметпен қатар, Айсана Маратқызы – екі баланың қамқор анасы және өрт сөндіру қызметкерінің адал жары. Ол кәсіби қызмет пен отбасылық құндылықтарды қатар алып жүрген, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары азамат ретінде көпке үлгі бола алады.
Айсана Маратқызы Алекешева – өңір дамуы мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне елеулі үлес қосып жүрген, мемлекеттік қызметте өзін толықтай іске асыра білген жас мамандардың жарқын өкілі.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ