Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша пәрменді шаралардың бірі-заңның бұлтартпастығының көрнекі үлгісі болып табылады.
Осыған байланысты, ағымдағы жылғы 12 маусымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері ЖД-67 мекемесіне барды.
Мекеме қызметкерлері Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылған күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау жағдайларын көрсетті, сондай-ақ ұстау тәртібі туралы айтты. Сонымен қатар мекеменің заманауи қорғау жүйесі және қауіпсіздік жүйесі туралы, айыпталушылар, күдіктілер мен сотталғандардың жағдайы туралы, өндірістік қызметті ұйымдастыру және сотталғандарды жұмысқа орналастыру туралы айтылды.
Аталған іс-шара қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудың салдарын сезінуіне бағытталған.
Іс-шараға Департаменттің аппарат қызметкерлері, Тараз қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының және аудандық Төтенше жағдайлар бөлімдерінің жеке құрамы қатысты.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СК Т