Таразда базарлар және сауда орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

Таразда базарлар және сауда орталықтарындағы өрт қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

      Жамбыл облыстық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» базасында Тараз қаласы ТЖ басқармасының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға облыс орталығындағы базарлар мен сауда орталықтарының өкілдері қатысты.

     Кездесудің негізгі тақырыбы – адамдар көп шоғырланатын орындардағы өрт қауіпсіздігі. Өрттің алдын алу шаралары, дабыл және эвакуация жүйелерінің жай-күйі, өрт сөндіру құралдарының бар-жоғы және қызметкерлерді төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға үйрету мәселелері қаралды.

      ТЖ басқармасының өкілдері заң талаптарын сақтау мен алдын алу шараларының маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар қауіпсіздік шараларын күшейту және бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

 

Жамбыл облысы  ИЖ және СКТ