Жаз мезгілі – балалар үшін демалыс пен қызықты уақыт болып табылады, алайда осы кезеңде қауіпсіздік ережелерін сақтау аса маңызды. Балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін төмендегі қауіпсіздік шараларына назар аудару қажет.
Су көздеріндегі қауіпсіздік ережелері – жазда суға шомылу жиілейді, бірақ су айдындарында абай болу қажет. Балалар тек арнайы жабдықталған орындарда ересектердің бақылауымен шомылуы тиіс. Терең суға рұқсатсыз түсуге, суға секіруге немесе ойнап жүріп алыстап кетуге болмайды. Құтқару құралдары әрдайым қолжетімді жерде болуы қажет.
Биіктіктен құлау қаупінің алдын алу – балалардың терезелерден, сондай-ақ басқа биіктіктен құлап кетуіне жол бермеу үшін Сіз сенімді қорғауды қамтамасыз етуіңіз керек. Терезелерге қорғаныш торлар немесе бекітпелер орнатылып, балаларды бақылаусыз қалдырмау керек.
Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік – бұл да жазғы демалыстың танымал түрі. Балалар балық аулауға ересектердің қасында ғана баруы тиіс. Қайыққа отырғанда құтқару жилетін кию міндетті. Қауіпсіздік техникасын сақтамай, өткір құралдармен ойнау қауіпті.
Басқа қызметтермен өзара әрекеттесу – жазғы демалыс барысында мектеп, медицина, төтенше жағдайлар қызметі сияқты мекемелермен байланыс маңызды. Балалар демалыс лагерлерінде немесе қоғамдық іс-шараларға қатысқанда, жауапты ұйымдармен өзара тығыз байланыста болу – қауіпсіздіктің кепілі. Қажет болған жағдайда жедел көмек көрсету жолдары мен байланыс нөмірлерін білу маңызды.
Қысқаша айтқанда, жазғы демалыс тек көңілді ғана емес, қауіпсіз де болуы керек. Ол үшін балалар мен ересектер бірлесе отырып, барлық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
ИЖ және СКТ