Жамбыл облысында шомылу маусымының ашылуы

Жамбыл облысында шомылу маусымының ашылуы

Жамбыл облысында, еліміздің көптеген өңірлері сияқты, ресми түрде шомылу маусымы ашылды. Салтанатты іс - шара 1 маусым күні Зербұлақ қалалық жағажайында өтті. Іс-шараға жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары, ТЖД қызметкерлері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

    Іс -Шараға Жамбыл облысының әкімі де қатысып, жиналғандарды жазғы маусымның басталуымен құттықтап, су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.

Іс-шараның басты оқиғасы жедел-құтқару жасағының көрсетілімдік қойылымы болды. Құтқарушылар суға батқан адамды құтқару, зардап шеккенді судан шығару, жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу және сүңгуірлік пен құтқару құралдарын пайдалану барысын көрсетті.

    Сонымен қатар, ТЖД мамандары демалушылармен алдын алу жұмыстарын жүргізді. Олар судағы тәртіп ережелерін, сақтық шараларын және төтенше жағдайда әрекет ету алгоритмін еске салды.

    «Іс-шараның мақсаты – құтқарушылардың дайындық деңгейін арттыру және суда қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру», – деп атап өтті Жамбыл облысы ТЖД өкілі.

    Маусымның ресми ашылуы жаппай демалыс орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қызметтердің дайын екенін көрсетті.

 

Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ