Халықаралық балаларды қорғау күні қарсанында Жамбыл облысының құтқарушылары балаларымен бірге «Даңқ» мұражайына барып, тағылымды экскурсияға қатысты. Қонақтар Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлар туралы мағлұмат алып, сол кезеңдегі қару-жарақтарды, сарбаздар киімін, тұрмыстық заттарды және басқа да тарихи жәдігерлерді тамашалады.
Экскурсия барысында ерекше әсер қалдырған зал — Ұлы Отан соғысының ардагері, панфиловшы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының өмірі мен ерлігіне арналған бөлім болды.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СКТ