Жамбыл облысында жазғы кезеңге дайындық бойынша баспасөз конференциясы

Жамбыл облысында жазғы кезеңге дайындық бойынша баспасөз конференциясы

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысында жазғы кезеңге дайындық жұмыстарына арналған баспасөз конференциясы өтті.

Спикерлер ретінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарлары — азаматтық қорғау полковнигі Ералы Ақылбеков пен полковник Руслан Орынбеков сөз сөйледі.

     Іс-шара барысында ТЖД өкілдері өңірде жаз мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігіне ерекше аударылды.

Спикерлердің айтуынша, өңірде келесі профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылуда:

  • «Қауіпсіздік бәрінен бұрын», «Отты тоқтат!», «Қауіпсіз балалық шақ» акциялары өтті;
  • 74 өрт-тактикалық оқу-жаттығу және 100-ден астам интерактивті сабақ өткізілді, бұл шаралармен 12 000-нан астам оқушылар мен педагогтар қамтылды;
  • Мектептер мен жоғары оқу орындарында 32 ақпараттық стенд жаңартылды;
  • Ата-аналар жиналыстары мен сынып сағаттары ұйымдастырылды;
  • Білім басқармасының сайтында қауіпсіздік ережелері, интерактивті тесттер мен памяткалар жарияланды.

      Шомылу маусымына дайындық аясында 13 ресми жағажай белгіленіп, су түбі тазартылды.

360-тан астам ескерту белгісі орнатылды, күн сайын рейдтер өткізіліп, 400-ден астам профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды (полиция, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілердің қатысуымен).

Бүгінгі күнге дейін су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.

ТЖД өкілдері су маңында демалу кезінде келесі ережелерді сақтау қажеттігін еске салды:

  • Тек арнайы жабдықталған жерлерде шомылыңыз;
  • Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
  • Алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеңіз.

    Балалардың терезеден құлау жағдайлары – алаңдатарлық мәселе

Жыл басынан бері республика бойынша 60 бала терезеден құлап кеткен, оның ішінде 5-еуі көз жұмып, 55 бала түрлі жарақат алған.

Жамбыл облысында 6 жағдай тіркеліп, 5 бала жарақат алып, 1 бала қаза болған.

Апаттардың негізгі себептері — ата-аналардың қарауынсыз қалдыру, сондай-ақ москит торлары, олар баланы құлаудан қорғай алмайды.

ТЖД тарапынан келесі алдын алу шаралары жүргізілуде:

  • Көпқабатты тұрғын үйлерде жаднамалар таратылды;
  • Әлеуметтік желілерде және «Darmen» мобильді қосымшасында ақпараттар жарияланды;
  • Теледидар, радио және баспасөз беттерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Жергілікті әкімдіктерге әлеуметтік осал топтағы отбасылар тұратын пәтерлерге терезе блокираторларын орнату бойынша ұсыныстар жолданды.

     Қауіпсіздік – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!

     Біз тек бірлескен күш-жігер арқылы жазатайым жағдайлардың алдын алып, әр бала үшін қауіпсіз жаз мезгілін қамтамасыз ете аламыз.

 

Жамбыл облысы ТЖД  ИЖ және СК тобы