«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруҚазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі  Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 C-O-5 санаты бойынша: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

- «Б корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына Үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының м.а. 2023 жылғы 30 қарашадағы № 231 бұйрығына сәйкес.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы, тг.:

 

Санат           Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

                                   min                max

    C-O-5                   226837          260564

 

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті, Желтоқсан көшесі, № 13, пошта мекенжайы: Желтоқсан көшесі, № 13, анықтама телефоны: 87262999087, e-mail: ok_dchs_zham@emer.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды:

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бас маманы, C-O-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Еңбекақы қоры бойынша есептеуді жүзеге асыру. Еңбекақыдан ұсталатын салықтарды, әулеметтік аударымдарды және басқа да төлемдерді уақытында аудару. Еңбек бойынша статистикалық есеп құру, салық, зейнетақы жарнасы бойынша есептер дайындау. Бухгалтерлік есептерді, дебиторлық кредиторлық қарыздар туралы есептерді құру. Зейнетақы және әлеуметтік аударымдарға аналитикалық және синтетикалық есеп жүргізу. Ұйымдағы қаржылық қызметтің, сондай-ақ қаржылық, есептік және кредит операциялардың орындалуын есепке алып, оларды ресімдеу заңдылық уақытында ресімделуін және дұрыстығын жүргізу. Есептік саясат бойыншақұжаттарды, есеп айырысу және басқа да құжаттарды сақтау, сондай-ақбелгіленген тәртіпте мұрағатқа тапсыру. Жоспарлау, қаржылық қызмет,материалдытехникалық қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп мәселелержөніндегі ережелердің, нұсқаулықтардың, басқа да нормақұжаттардың есебін жүйелі түрде жүргізуі. Қызметтік этика ережесін жәнееңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға міндетті. Бөлімнің жұмыс жоспарына сәйкес қызметтік міндеттердің және тапсырмалардың орындалуы туралыбасқарма басшысына баяндайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім:  экономика және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит және/немесе бухгалтерлік есеп және аудит.

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы тау-кен өнеркәсібіндегі мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы, C-O-5 (2 бірлік)

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік қызмет көрсетудің тиісті ережелерін сақтау, әкімшілік рәсімдерді сақтау. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ережелеріне сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзыреті шегінде қауіпті өндірістік объектідегі аварияларды, авария салдарынан болғанжазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастырады және жүргізеді. Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға енгізу кезінде оны қабылдау сынақтарына, техникалық куәландыруларға қатысады.  Жару жұмыстарын жүргізуге рұқсат береді. Адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін ерекше жағдайларда, соттың шешімінсіз дербес кәсіпкерлердің, ұйымдардың қауіпті өндірістік объектілерді, техникалық құрылғыларды пайдаланумен байланыс қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін, міндетті түрде көрсетілген мерзімде сотқа талап арыз тастай отырып, үш күннен аспайтын мерзімге тоқтата тұрады немесе тыйым салады. Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдарын өткізуге қатысады. Екі және оданда көп облыстар шегінде орналасқан қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, жаңғырту консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы келісу. Жарылғыш заттар мен олардың негізіндегі бұйымдардың бақылау және қабылдау сынақтарын өткізу жөніндегі комиссияға қатысады. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру саласындағы заңнама талаптарын сақтау бойынша белгілі тәртіппен және өз құзіреті шегінде тексерулер және бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу және мемлекеттік қадағалаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру. Өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдармен және ұйымдармен қатынастар жүргізу, олардан қызметке қатысты мәліметтер мен материалдар сұрату және алуды жүзеге асыру. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғаларға тексеру нәтижелері туралы акті, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқама береді. Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім:  инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау және/немесе пайдалы қазбаларды байыту және/немесе технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша) және/немесе стандарттау және сертификаттау және/немесе жарылғыш заттар мен пиротехникалық құралдардың химиялық технологиясы және/немесе маркшейдерлік және/немесе тау-кен ісі және/немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) және/немесе мұнай және газ геологиясы және/немесе өндірістік және өңдеу салалары және/немесе инженерия және инженерлік іс және/немесе стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) және/немесе геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау)

 

  1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы салааралық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы, санаты C-O-5 (1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Жоғарғы мемлекеттік органдардан келіп түскен тапсырмаларды, кіріс құжаттарды, Департамент басшылардың бұйрықтары мен тапсырмаларын мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету; Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында (реттелген салада) мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу; Реттелетін салада әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізуді жүзеге асыру. Жеке және заңды тұлғаларға тексеру нәтижелері туралы акті, анықталған бұзушылықтар бойынша нұсқама береді; Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ережелеріне сәйкес мемлекетт қызметтер көрсету; Қауіпті өндірістік объектіні пайдалануға енгізу кезінде техникал куәландыруларға қатысу; Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өз құзіреті шегінде қауіпті өндірістік объектідегі аварияны, авария салдарынан бол жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді ұйымдастыру және жүргізу; Қауіпті өндірістік объектіде оқу дабылдарын өткізуге қатысу; Құрылғыларды пайдаланушы заңды және жеке тұлғалардың, ұйымдардың өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыру; Екі және оданда көп облыстар шегінде орналасқан қауіпті өндірістік объектілерді, сондай-ақ стратегиялық объектілерді қоспағанда, қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, қайта жаңартуға, жаңғырту консервациялауға және жоюға арналған жобалық құжаттаманы келісу; Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне сәйкес реттелетін салалардағы жартыжылдыққа арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бара отырып, профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу тізімін әзірлеуге қатысу; Құзыреттілігі шегінде құқықтық, консультативтік және практикалық көмекті жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  жоғары білім:  жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (мұнай газ ісі және/немесе аспап жасау және/немесе қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы және/немесе стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) және/немесе техникалық машиналар және жабдықтар (сала бойынша)

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

         Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

         Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі.

         Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

         Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

         Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің
5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

         Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

         Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

5) құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 жұмыс күні, ол конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы:

C-4, C-5, D-O-3, D-O-4, D-O-5, D-O-6, C-R-2, C-R-3, C-R-4, E-3, D-4, B-5, C-O-3, C-O-4, C-O-5, C-O-6, E-R-1, E-R-2, E-R-3, E-G-1, E-G-2, D-5, B-6 санаттары үшін:

Мемлекеттік тілді білуге арналған тест (20 сұрақ) ұзақтығы 20 минут, ҚР Конституциясы (15 сұрақ), ҚР Президенті туралы (15 сұрақ), ҚР мемлекеттік қызметі туралы (15 сұрақ), Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы (15 сұрақ), Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы (15 сұрақ), ҚР жергілікті мем. басқару және өзін-өзі басқару туралы  (15 сұрақ), ҚР әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс (15 сұрақ), ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (10 сұрақ).

Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (115 сұрақ) кем дегенде 69 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды.

Бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестерді орындау үшін жалпы уақыт 105 минутті құрайды.

                                                                                                             

ҚҰЖАТТАР 2025 жылғы 27 мамыр аралығында қабылданады