GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Департамент туралы
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
ТЖ профилактикасы
14 августа 2026
Меркі ауданында қауіпсіздік бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тау шатқалындағы демалыс орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Демалушыларға табиғат аясында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, отты тек арнайы белгіленген орындарда жағу, сөндірілмеген шоқ пен темекі тұқылын тастамау және қоқысты табиғатта қалдырмау жөнінде ескертілді. Сонымен қатар тау өзендері мен су айдындарының маңындағы қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, балаларды қараусыз қалдырмау және қауіпті, белгіленбеген жерлерде суға түспеу қажеттігі айтылды.

Жамбыло блысы ТЖД

ТЖ профилактикасы
14 августа 2026
Шөп қоралардағы өрттерді алдын алу жұмыстары жалғасуда

Жуалы ауданы аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және шөп қораларындағы өрттердің алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жуалы ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тұрғындармен кездесіп, шөп пен сабанды қауіпсіз сақтау талаптарын түсіндірді. Тұрғындарға шөп пен сабанды электр сымдарына, пештерге және басқа да жылу көздеріне жақын орналастырмау, шөп қораларының айналасын құрғақ шөп пен қоқыстан үнемі тазалап отыру қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ шөп сақталатын орындарда ашық отты пайдалануға және темекі шегуге жол бермеу керектігі айтылды. Бұдан бөлек, балалардың шөп қораларында ойнауына жол бермеу және темекі тұқылдарын бейберекет тастамау жөнінде ескертулер берілді.

Жамбыл облысы ТЖД

ТЖ профилактикасы
13 августа 2026
Ірі сауда орындарында өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағындағы ірі сауда орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында қызметкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, электр желілері мен құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, эвакуациялық жолдар мен шығу есіктерін бөгемеу қажеттігі түсіндірілді.

Сонымен қатар, өрт сөндіргіштерді дұрыс пайдалану тәртібі көрсетіліп, өрт болған жағдайда алғашқы әрекеттер бойынша практикалық түсіндірмелер берілді.

Жамбыл облысы ТЖД

 

ТЖ профилактикасы
13 августа 2026
Қант зауытында өрт-тактикалық сабақ өтті

Меркі ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің №9 өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен Ойтал ауылындағы қант зауытының аумағында өрт тактикалық сабағы өткізілді. Жаттығудың негізгі мақсаты – өрт болған жағдайда жедел әрекет ету, өртті оқшаулау және сөндіру, адамдарды қауіпсіз эвакуациялау, сондай-ақ өрт сөндіру техникасы мен құралдарын тиімді қолдану дағдыларын жетілдіру. Сабақ барысында жеке құрамның өзара іс-қимылы мен жауынгерлік іс-қимылдары пысықталып, кәсіби даярлығы арттырылды.

Жамбыло облысы ТЖД

ТЖ профилактикасы
12 августа 2026
Өрт қауіпсіздігі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сарысу ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері аудан тұрғындары арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында тұрғындарға электр жабдықтарын дұрыс пайдалану, газ және жылыту құралдарын қауіпсіз қолдану, балаларды қараусыз қалдырмау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, өрт болған жағдайда сабыр сақтап, дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне хабарлау және адамдарды қауіпсіз жерге шығару тәртібі айтылды.

Жамбыл облысы ТЖД

Кадр саясаты
11 августа 2026
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар депаратментінің бос лауазымына орналасу үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуден өткен үміткерлердің тізімі

Алғашқы кәсіптік даярлықтан өтуге ұсынылды: 1. Крәш Болатбек Әділханұлы.

ТЖ профилактикасы
11 августа 2026
Сауда орындарында өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

Жуалы ауданында сауда орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау және ашық отты пайдаланудың алдын алу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпкерлер мен қызметкерлерге ашық отты абайсыз пайдалану, электр желілері мен жабдықтарының ақаулы болуы өртке себеп болуы мүмкін екені түсіндірілді. Сауда орындарында эвакуациялық жолдарды бөгемеу, алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолжетімді жерде ұстау, электр жабдықтарының жарамдылығын бақылау және жанғыш заттарды жылу көздерінен алыс орналастыру қажеттігі ескертілді.

Жамбыл облысы ТЖД

ТЖ профилактикасы
10 августа 2026
Қордай ауданында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Қордай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округ әкімдері және еріктілермен бірлесіп, өрт қауіпті кезеңге байланысты профилактикалық іс-шаралар өткізді. Іс-шара барысында сауда нысандарының иелері мен жеке тұрғын үй секторында тұратын азаматтарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға эвакуациялық шығу жолдарын бос ұстау, алғашқы өрт сөндіру құралдарының жарамдылығын қамтамасыз ету, электр және газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, ыстық әрі желді ауа райында құрғақ шөп пен қоқысты өртеуге, сондай-ақ ашық от жағуға жол бермеу қажеттігі ескертілді.

Жамбыл облысы ТЖД

ТЖ профилактикасы
10 августа 2026
Меркі ауданданында профилактикалық жұмыстар жалғасуда

Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері тау шатқалындағы демалыс орындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Демалушыларға табиғат аясындағы өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, отты тек арнайы белгіленген орындарда жағу, сөндірілмеген шоқ пен темекі тұқылын тастамау және қоқысты табиғатта қалдырмау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен қатар, тау өзендері мен су айдындарының маңындағы қауіпсіздік ережелері ескертіліп, балаларды қараусыз қалдырмау, қауіпті жерлерде суға түспеу және мас күйінде суға жақындамау талаптары жеткізілді.

Жамбыл облысы ТЖД

ТЖ профилактикасы
10 августа 2026
Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында профилактикалық жұмыс жүргізілді

Жуалы ауданы ТЖБ қызметкерлері Теріс-Ащыбұлақ су қоймасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау, рұқсат етілмеген жерлерде шомылмау және балаларды қараусыз қалдырмау ескертілді. Сондай-ақ балық аулаушыларға мас күйінде суға жақындамау, қайықта қауіпсіздік талаптарын сақтау және су жағасында абай болу түсіндірілді. Судағы қауіпсіздік – әр адамның жауапкершілігі!

Жамбыл облысы ТЖД

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы