ШҚО ТЖД құтқарушылары Даңқ мемориялына гүл шоқтарын қойды

ШҚО ТЖД құтқарушылары Даңқ мемориялына гүл шоқтарын қойды

ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов және құрылымдық қызметкерлері мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.
ШҚО ТЖД қызметкерлері өз өмірін құрбан етіп, Ұлы Отан соғысында Жеңіске жеткен барлық жандардың рухына тағзым етіп,құрмет көрсетті. Іс-шара барысында ШҚО ТЖД бастығы Рашид Блялов ұрпақтар сабақтастығы, тарихи естелікті сақтау мен батырлық өткеніміз бен қазіргі құтқару қызметінің дәстүрлері арасындағы тығыз байланыстың маңыздылығын атап өтті.